Араб тілінен аударғанда: ең үлкен, ең жоғары, ұлы, мәртебелі, ең жоғарғы дәрежелі. Абыройы мен беделі биік болсын деген ниетпен қойылады.
Әріптер (Алфавит): А
-
Ағила
Араб тілінен аударғанда: ақылды, парасатты, зерек, дана әйел. Фонетикалық нұсқасы — Ақила. Ондасынов бойынша: есті, ақылды әйел. «Ағила шешей келіннің басына төгілдіріп орамал салды».
-
Ағипа
Араб тіліндегі «Ақиба» сөзінен шыққан. Мағынасы: салдар, нәтиже, соңғы түйін. Көбіне «соңғы перзент» немесе «соңы жақсылыққа ұлассын» деген ниетпен қойылады.
-
Ағлия
Грек тілінен аударғанда: сұлулық, көркемдік, сән-салтанат, жарқыраған ажар. Өте ажарлы, көркем қыз деген ұғымды береді.
-
Адам
Адамзаттың атасы, топырақтан жаралған деген мағынада. Араб тілінде де «адам» түсінігімен бірдей. Адамгершілігі мол, парасатты, нағыз адам болсын деген тілек.
-
Адиба
Араб тілінен аударғанда: әдепті, тәрбиелі, оқымысты, жазушы әйел. Әдептілік пен білімділіктің, мәдениеттіліктің нышаны ретінде қойылады. Түрі — Әдиба.
-
Абдуғани
Араб тілінен: Абд (құл) + Ғани (бай). Алланың құлы. Аса бай, мұқтажсыз Алланың құлы деген мағынаны береді. Фонетикалық нұсқасы — Әбдіғани.
-
Абдулғазиз
Араб тілінен: Абд (құл) + Азиз (қадірлі, құрметті). Мағынасы: Аса қадірлі, құдіретті Алланың құлы. Сирек кездесетін, бағалы жан болсын деген тілек. Фонетикалық нұсқасы — Әбдіғазиз.
-
Абдухалиқ
Араб тілінен: Абд (құл) + Халиқ (жаратушы). Барлық нәрсені жоқтан бар етуші Жаратушы Алланың құлы.
-
Абдухамит
Араб тілінен: Абд (құл) + Хамит (мақтаулы). Мақтауға лайықты Алланың құлы.